Қарағанды облысында заңсыз аң аулағандар құрықталды. Қару-жарақ асынған 4 жігітті табиғат қорғау полициясының өкілдері арнайы рейд кезінде қолға түсірген. Аңшылар мінген «Уаз-452» көлігі Жезқазған-Ескіталап жолында тоқтатылды.
Тінту барысында Қызыл кітапқа енген киік пен қоян табылған. Сондай-ақ, оқ-дәрілер мен пышақ, бірнеше мылтық тәркіленді. Ұсталғандар киік аулауға шыққанын мойындап отыр. Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, арнайы сараптама тағайындалды. Тергеу барысында аңшылардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.
Болат Тәкішов, Қарағанды облыстық ІІД табиғатты қорғау полициясының бөлім бастығы:
Барлығы тәркіленіп алынып, зертханаға жіберілді. Іс шара бойынша тергеу амалдары жүргізіледі. Істің барысы қосымша хабарланады.
Айжан ҚУАШ