Русский Сайттың толық нұсқасы

Индонезия жағалауларынан қаза болған 40 адамның мүрдесі табылды

  • AstanaTV
  • 30 желтоқсан 2014
  • 929

Индонезия жағалауларынан қаза болған 40 адамның мүрдесі табылды. Мәйіттерді  «Air Asia» әуекомпаниясына қарасты лайнерді іздестіріп жатқан құтқарушылар тапқан. Бұл туралы Сингапурдың «Чэннел ньюс Эйжа» телеарнасы, Индонезия әскери әуе күштеріне сілтеме жасап, хабарлайды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Индонезия әскери әуе күштері ұшақ жоғалды деген аумақтағы теңіз бетінен мұнай дақтары табылғаны жайлы мәлімет таратқан. Бүгінде құтқару-іздестіру шаралары жалғасуда. Оған Индонезия тарапы жетекшілік етуде. Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея және Австралия елдерінің ұшақтары мен кемелері де іздестіру жұмыстарына жұмылдырылған. Ал АҚШ құтқарушылары арнайы «Sampson» кемесін қолдануда.

Жұрағат БАМАН