Бүгін Ақмола облысында қатты жел тұрады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал. «Қазгидромет» орталығы осындай хабарлама таратты.
Ал, Алматы облысында кеше көзге түртсе көргісіз боран болып, автожолдар жабылды. «ҚазақАвтоЖол» мекемесінің таратқан ақпаратына сай, Үшарал-Достық аралығында таяқ тастам жер көрінбейтін боран соққан. Осының салдарынан автокөліктердің жолға шығуына жектеу қойылды. Тіпті жүк көліктері мен қалааралық автобустарда да жолдан қалды.
Т. ОСПАНБАЕВА