Бүгін Астана қаласы мен Ақмола облысында ауа райының күрт құбылуы байқалады. Осыған орай, мамандар арнайы ескерту жариялады. «Бұл жөнінде ТЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады»,- деп жазады Қазақпарат.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, 8 қаңтар күні астанада жел тұрып, көктайғақ болады. Артынша тұман түсуі ықтимал. Күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деген болжам бар. «Көктайғақ болып, тұман түседі»,- делінген арнайы хабарламада.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА