«Шарли Эбдо» басылымы редакциясына қарсы жасалған террорлық әрекетке байланысты Франция президенті Франсуа Олландқа жолдаған көңіл айту жеделхатында Президент Нұрсұлтан Назарбаев «терроризмнің етек алуы барлық мемлекеттер үшін ортақ қауіп-қатерге айналып отырғанын» айтқан», - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. «Қазақстан өз тарапынан халықаралық қауіпсіздікке қатер туғызатын лаңкестік пен экстремизмнің кез келген түрін айыптайды», - делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан оқиға құрбандарының отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Франция халқына көңіл айтты.
Жұрағат БАМАН