Маңғыстауда тұрғындардан қару сатып алу акциясы 2016 жылдың бірінші қаңтарына дейін ұзартылды. Бұл жайында жергілікті ақпарат құралдары хабар таратты. Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті, кез-келген тіркелген атыс қарулары мен оқ-дәрілер және жарылғыш заттарды тапсыруды талап етіп отыр.
Облыстық, қалалық, аудандық ішкі істер органдарынан сақтауға және алып жүруге рұқсат берілген қару-жарақтардың да бар екенін жасырмайды.Қаруды өз еркімен тапсыру жөніндегі өтініш Ішкі істер органдарында тіркеледі. Ол екі данамен жазылады.
Осылайша полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, атыс қарулары, оқ-дәрі және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың алдын алмақ.
Айгүл ӘДЕПБАЙ