Жерлесіміз Зарина Диас «Australian Open» турнирінде 31 номерді иеленді. Үздік қазақстандық теннисші «Үлкен дулыға» турнирінің Австралия ашық чемпионатына іріктеусіз қатысатын болды.
Осылайша 21 жастағы Зарина әлемнің үздік 30-тенисшісі қатарына ілігудің аз-ақ алдында. Ал турнирдің бірінші ракеткасы, аталмыш чемпионаттың 5 дүркін жеңімпазы Серена Уильямс өз позициясын сақтап қалды.
Ерлер арасында бірінші болып серб Новак Джокович танылды.Қазақстандық Александр Недовесов іріктеу ойындарында жеңіске жетті. Отандасымыз ойынның 58-ші минутында алаң иесі Харри Буршьені 6:0, 6:2 есебімен жеңді.
Ләйла ҚАЛИАҚПАРОВА