12 жылдық білім жүйесіне көшуді шегере тұрған дұрыс. Сенатор Мұрат Бахтиярұлы бүгін осындай ұсыныс тастады. Жоғарғы палата депутаты премьер министрге аталған мәселеге қатысты сауал жолдады. «Әлемді қаржы дағдарысы қыспаққа алған тұста, бұл мәселеге орай асығыстық танытқан дұрыс емес», - дейді сенатор.
Біріншіден, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшетіндей талапқа сәйкес ешбір құжат дайын емес. Апатты жағдайда тұрған, әрі үш ауысыммен оқитын білім ошақтары жетіп артылады. Оған қоса оқу құралдарына байланысты сын көп айтылады.
Білім жүйесіне енгізілетін өзгерістер уақыт пен тыңғылықты дайындықты қажет ететін күрделі тәжірибе. Осы мәселелерді алға тартқан сенатор Мұрат Бахтиярұлы «әзірге 11 жылдық білім беру жүйесін қалдырған жөн», - дейді.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА