Ақтөбеде жүйке жүйесі сырқатына шалдыққан балаларға арналған психологиялық-педагогикалық кабинет жұмысын бастады. Бұрын мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге емхана жанындағы шағын бөлімшелер көмек көрсететін. Енді психолог, дефектолог, сурдо-педагог, логопед және емдік дене шынықтыру нұсқаушылары жұмыла көмек көрсететін болады.
Мұнда жылына жүзден астам бүлдіршін қабылданады. Ақыл ойының дамуы кенжелеп қалған балалардың ата-аналарын психологиялық қолдау клубы да құрылған. Соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған орталықтың құрылысына «Самұрық-Қазына» әл ауқат қоры мен «Дара» қайырымдылық қоры қаражат бөлген. Жұмыстарға бас аяғы 30 млн теңгедей ақша жұмсалды.
Алтынгүл Әуесхан, Ақтөбе облыстық білім басқармасының бөлім бастығы:
Облыста 5169 мүмкіндігі шектеулі бала болса, Ақтөбе қаласында осындай балалар 3 мыңның үстінде. Бұрын осы коррекциялық кабинет ашылғанға дейін мектеп жанындағы логопедтер-дектолоктардан және мына ПМПклар жанындағы шағын топтардан алып жүрді. Ал, мына орталық ашылғаннан кейін оларға көрсетілген көмек деңгейі кеңейтілді деп айтуға болады.
Мансұр ЕСХОЖИН