АҚШ Кубаға қатысты санкцияларды біршама жеңілдетті. New York Times енді америкалықтарға Кубада несие карталарын қолдануға болатынын, ал компаниялар компьютер және басқа да техникаларды экспорттай алатынын хабарлады.
Сондай-ақ, АҚШ азаматтары "бостандық аралына" үкіметтің арнайы рұқсатынсыз бара алады. Дегенмен бұл елге туристік мақсатта барып келушілерге салынған тыйым әлі күшінде. Өткен аптада Америка президенті Барак Обама, АҚШ пен Куба арасында жарты ғасырға жуық үзілген дипломатиялық қарым-қатынас қалпына келгенін мәлімдеді.
Бұған қоса арада сауда-саттық байланысы орнайтынын білдірді. Үмітін үзген кубалықтар мәз-мейрам. Тіпті билік, ондаған саяси тұтқынға рақымшылық жасап, бостандыққа шығарды.
Мөлдір ДЮСЕКИНА