Рим папасы Құдайға құрбандық ретінде адам өлтіретіндердің әрекетін сынады. Бұл жөнінде ол Азия елдеріне сапарлаған кезінде, Шри-Ланкада айтты деп жазады Рейтерс агенттігі. Рим папасының айтуынша сөз бостандығы өзгелердің дінін, нанымын таптауға құқық бермейді.
Айта өтейік, Францияда болған лаңкестік әрекеттен соң сөз бостандығы тақырыбы қалың бұқараның талқысына салынды. Естеріңізде болса, 7-9 қаңтар күндері Париж қаласында бірнеше лаңкестік шабуыл орын алып, салдарынан 17 адам қаза тапқан еді.
Террористтік актілерді Йемендік «Аль-Каида» ұйымы өз мойнына алды.
Өзгелердің дінін келеке етіп, балағаттайтын адамдар аз емес. Дегенмен, белгілі бір шек барын ұмытпаған жөн. Кез-келген діннің құндылығы бар.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА