«Оларға дүниенің тылсым құпиялары ашылды». Осындай атаумен Солтүстік Қазақстан облыстық өлкетану мұражайында ежелгі дәуір жәдігерлерінің көрмесі ашылды. Онда 300-ге жуық жәдігер қойылған. Келушілер назарына теодолит, нивелир, буссолям сынды біздің заманымызға дейін кезеңде қолданылған географиялық аспаптар ұсынылған.
Сондай-ақ, миллиондаған жыл бұрын жер шарын мекендеген мамонттың сүйектері мен айғұлақтардың қабыршақтары жұртшылықтың назарын аударды. Ең құнды жәдігерлердің бірі – алып шаян. Ол Қиыр Шығыста 1975-ші жылы табылған.
Жәдігер көп ұзамай Қызылжардағы өлкетану мұражайына сыйға беріледі. Бұдан бөлек, көрмеге жұлдызды аспанның 17-ші, 18-ші және 19-ғасырдағы үлгілері қойылыпты.
Рәзипа Тәженова, Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайының меңгерушісі:
Ең қызықты карта деген айдың картасы, ана жоғарғыда ілулі тұр.16-ғасырда жасалған. Поляк зерттеушілерімен жазылған айлық картасы екен. Ол да біраз жерлерге саяхаттар жасаған. Бізге белгілісі – Қашқар саяхаты. Біраз дүниелерді сызып-жазып, карталарға дейін сызып жазып кеткен. Сол Шоған Уәлиханов туралы мына жерде арнайы витрина бар.
Абзал КУРМАНКИН