Русский Сайттың толық нұсқасы

Үкімет 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізді

  • AstanaTV
  • 16 қаңтар 2015
  • 1026

Үкімет 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджеттің макроэкономикалық параметрлерін қайта қарауға кірісті. Министрлер кабинеті мұнай бағасының баррелін 50 доллар деп есептеп, тиісті түзетулер енгізіп жатыр. «Бұл жөнінде «Нұр Отан» партиясы фракциясының жабық жағдайда өткен кеңесі алдында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев айтты»,- деп жазады «Власть KZ».

Портал таратқан мәліметке сай, Үкіметтің алдағы екі  жылға арналған бюджетті қайта қарауына мұнай бағасы барреліне 80-нен 50 долларға дейін түседі деген болжам себеп болған. Дерек бойынша осы жылы республика бюджетінің кірісі 1,3 триллион теңгеге қысқарады. Келесі жылы ол 1 триллион 20 миллиард теңгені құрайды деген болжам бар. Ал 2017 жылы қазына кірісінің қысқаруы 1 триллион 161 миллиард теңге болады деген мәлімет айтылуда. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ