«Олимп Эйр» әуе компаниясы жеке тапсырыстар бойынша қызмет еткен. Меншігінде 5 АН-2 ұшағы болған. Компания директоры Владимир Кручтың арнамызға бірген түсініктемесінде ол: «Құлаған әуе көлігі 42 жыл қолданыста болғанымен, одан қандай да бір техникалық кінәрат шығуы мүмкін емес», - дейді.
Владимир Круч, «Олимп Эйр» ЖШС директоры:
Ұшақ 1973 жылы шығарылған. Керемет ұшақ, 2002 жылы күрделі жөндеуден өткізілген. Штаттан тыс қандай бір кінәрат тапқан емеспіз. Бұл - аяқ астынан болған оқыс оқиға.
Қаза тапқан төрт жолаушы «Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлері екені мәлім. Бүгін Қарағанды облысының әкімдігі қаза тапқандар отбасыларына материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Олардың бесеуі - Қарағанды тумалары.
Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:
Апатта қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз. Кешеден бері телефон шалып, жай-күйлерін біліп жатырмыз. Ең бірінші жерлеу рәсімін өз мойнымызға алдық.
Айжан ҚУАШ