Алайда тергеу бірнеше версияны қарастырып жатыр, тіпті адами фактор да қарастырылмақ. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Көлік прокуратурасының басқарма бастығы орынбасары Әділет Тоқтамысов хабарлады.
Интерфакс агенттігінің дерегінше, қазір прокуратура «АН-2» апатының бірнеше себебін қарастырып жатыр. Агенттік Тоқтамысовтың «Техникалық ақаулардың болуы да, адами фактор да қаралады» деген сөзін келтірген. Қазір Көлік прокуратурасының арнайы прокуроры басшылығымен тергеу тобы құрылған.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ