Тағы бір ақпар. 22 қаңтар күні Астанада ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.
Бұл туралы мәлімет елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланған. Ал, «Қазгидромет» қаңтардың 23-і мен 26 сы аралығында республиканың барлық аумағында ауа температурасы күрт төмендейтінін хабарлады.
Осыған орай бүкіл облыстарда ескерту жарияланды. Бұл жөнінде ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Базаркүл ОТЫНШИЕВА