Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту бағдарламасының екінші кезеңіне мемлекеттен 48 миллиардқа жуық қаражат бөлінген. Бұл туралы Бурабай ауданында өткен мәжілісте айтылды.
2012-2013 жылдары, яғни бағдарламаның бірінші кезеңінде атқарылған жұмыстар баршылық. Ал, екінші кезеңде 85 бағыттағы шаруаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Оның ішінде Шучье-Бурабай аймағының жолдары, инженерлік инфрақұрылымдары мен экология мәселесі бар. Ал, туристерге қолайлы демалыс орындары мен шипажайлар құрылысын жүргізу үшін инвестиция тартылмақ.
«Туристік аймақтың құрылысы - бағдарлама бойынша 2016-жылы аяқталуы тиіс. Ал, 2017 жылы дәл осы аймаққа ЭКСПО көрмесіне келген туристер тартылатын болады»,- дейді облыстық туризм басқармасының басшысы.
Шынарбек Батырханов, Ақмола облыстық туризм басқармасының басшысы:
Біздің бір суткалы жағдайымыз 12 мың туристке дейін қабылдайтын жағдайымыз бар. Ал, енді ЭКСПО-ға байланысты біз қазір аудандар бойынша осы Шуцье-Бурабай аймағында тағы 40-тан астам жобаларды орындап, өзіміздің бар орындарды 1 жарым мыңға көбейтіп жатырмыз. Сол туристерді қабылдау үшін 1500 жаңа орын ашылады.
Т. АМАНАЛИЕВА