Ал тамақтан уланған Батыс қазақстандық оқушылар әлі де дәрігерлер бақылауында болады. Күні кеше осы облыстың Қаратөбе ауданындағы мектеп-гимназияның 17 оқушысы тамақтан уланды деген күдікпен ауруханаға түскенін хабарлаған едік.
Бүгінде осы 17 оқушының оны үйлеріне жіберіліпті. Ал қалған жетеуі, әлі 4 күн дәрігерлер бақылауында болмақ. Бұл туралы арнамыздың тілшілеріне Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы айтты.
Жас шамасы 11 мен 16 аралығындағы балаларға тамақтан уланған деген алдын-ала диагноз қойылып отыр. Дәрігерлердің сөзінше, бүгінде олардың жағдайы тәуір. Осы оқиға ізімен Қаратөбе ауданына аттанған бактериологтар мен инфекционистерден құралған арнайы топ мектептің қалған оқушыларын тексеруге кіріскен.
Ерлан КАРИН