Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысындағы зообақтың жануарлары сақылдаған сары аязда сыр берер емес

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2015
  • 1779

Солтүстік Қазақстан облысындағы зообақтың жануарлары сақылдаған сары аязда сыр берер емес. Жануарлары бар демалыс орнында 60-қа жуық аңдар мен құстар бар. Олар жылуы бар шағын үйшіктерге орналастырылған. Тіпті, пони, есек, түйелерге арналған жылы орындар бар. 40 градус аязда да арыстан, аю, түлкі мен қасқырдың мұртын балта шаппайды, дейді бақ мамандары.

Құстарда арнайы жылы қорада қыстап жатыр. Мұнда сілеусін мен арыстандарды былтыр ғана әкеліпті. Ал, аюлар белсенді, олардың біреуі ғана ұйқыға кеткен. Зообақ басшысы  жануарлардың цирк пен Сібір хайуанаттар бағынан жиналғанын айтады. Дегенмен, олар солтүстіктің қытымыр суығына бейімделіп қалды дейді.

Абзал ҚҰРМАНКИН