Куба Америкадан Гуантанамоны қайтаруды талап етті

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2015

 Куба Америкадан Гуантанамодағы әскери теңіз флотын қайтарып, аралды қоршаудан босатуды талап етті. Бұл туралы Куба басшысы Рауль Кастро мәлімдеді деп жазады Рейтерс. Рауль Кастро мұндай талабын Коста-Рикада өткен Латын Америкасы мен Кариб елдерінің саммитінде айтты.

Оның ойынша, жарты ғасырдан бері жалғасып келе жатқан блокаданы алатын уақыт жетті. Сонымен қатар Рауль Кастро АҚШ Кубаны террористерді қаржыландырып отырған елдер тізімінен алып тастауды талап етті. «Америка қауіпсіздік департаменті аталмыш қара тізімге Кубаны негізсіз қосып қойды»,- деп санайды Куба көшбасшысы.

Айгүл ӘДЕПБАЙ