Ақ үй тәліптерге қатысты көзқарасын өзгертті

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2015

Ақ үй ауған тәліптерін лаңкестердің емес, қарулы бүлікшілердің қатарына жатқызады. Рейтерстің хабарлауынша, АҚШ президентінің ресми өкілі Эрик Шульц осылай мәлімдеген. Бұл пікір америкалық әскери Боуи Бергдалды АҚШ-тың Гуантанамодағы арнайы түрмесіндегі бірнеше сотталушыға айырбастау кезінде айтылған көрінеді.

Шульцтің сөзінше, АҚШ билігі террористермен бітімгершілікке бармау дәстүріне әлі де бекем. Дегенмен, Ақ үй басшысының көмекшісі Лиза Монако бастаған сарапшылар тобы лаңкестердің тұтқындарды айырбастауы жиілеп кеткеніне байланысты, бұл бағытта жұмыс істеп жатыр.

Ал әскери Бергдалдың жағдайына орай, Барак Обама Ауған жерінде Америка азаматтарының қалғанын қаламайды, және ол жақта соғыс аяқталды, дейді Ақ үй басшысы.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ