Малайзия билігі өткен жылы 8 наурызда жоғалып кеткен МH-370 рейсінің апатқа ұшырағанын ресми түрде жариялады. Бұл туралы Малайзия азаматтық авиациясы басқармасы бастығы Ажхаррудин Рахман тікелей эфирде халыққа жеткізді.
Ол: «Ел үкіметі атынан «Малайзия әуе жолдарына» тиесілі МН-370 рейсінің апатқа ұшырағанын, бортта болған 239 жолаушы мен экипаж мүшелері түгел қаза болғанын қайғыра жеткіземіз»,- деді.
Еске салайық, Куала Лумпурден Бейжіңге бет алған Malaysia Airlines компаниясының ұшағы Оңтүстік Қытай теңізі, яғни Вьетнам елі аумағында радардан жоғалып кеткен-ді. Ұшақ сынықтарын, не апаттың басқа да айғақтарын табу жұмыстары нәтижесіз аяқталды.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ