Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы мониторинг комитетінің басшысы Стефан Шеннах - Ресей делегациясын Ассамблеяға қайтару үшін қолынан келгеннің бәрін жасамақ, -деп жазады «Коммерсантъ».
Ол:«28-қаңтардағы шешімге Мәскеу асығыс жауап қайтармайды»,- деп үміттенеді. Сәрсенбіде Ассамблея Мәскеуді дауыс беру құқынан сәуірге дейін айырған. Оған жауап ретінде ресейлік делегация өкілдері жыл соңына дейін Ресейдің сессияларға қатыспайтынын мәлімдеді.
Еуропа кеңесі - егер Мәскеу қақтығыстарды тоқтатса, Ресеймен келісімге келуге дайын. Қырымға қатысты позициясының кесірінен, Ресей делегациясы Еуропа Кеңесі ассамблеясындағы көптеген өкілеттік құқықтарынан айырылған еді.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ