Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай қаласы әкімінің орынбасары сотқа өз еркімен жұмыстан босатуға талап арыз жолдады

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2015
  • 1623

«Бастығым мені өз еркіммен жұмыстан босатсын». Қостанай қаласы әкімінің үстінен оның орынбасары Валерий Полешко сотқа осындай талап арыз жолдады.

Өткен жылдың желтоқсанында тәртіптік кеңес, газдандырылмаған үйді қабылдағаны үшін, екі шенеунікті жұмыстан шығару жөнінде ұсыныс берген. Олар - Валерий Полешко және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Қайырбек Ерденов. Соңғысы қызметінен босатылды.

Ал Полешко бұл уақытта денсаулығының жарамсыздығына орай демалыста болған. Ол жыл аяғында өз еркімен жұмыстан шығуға арыз жазды. Бірақ әкім аппаратының өкілдері тәртіптік кеңестің ұсынысын алға тартып, арызға қол қойылмайтынын айтады. Мұнан соң шенеунік сотқа шағымданған.

Балбөпе Мұхамедуәлиева, Қостанай қалалық сотының жетекші маманы:

Полешко мырза соттан әкімді өз еркімен жұмыстан босатуға мәжбүрлеуді сұрайды.

Заңғар САНАЙ