Абай Құнанбаев тұтынған заттар атыраулықтар назарында. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұлы ақынның 170 жылдығына арналған көрме ашылды. Асатаяқ, тері торсық, қамшы, шыныаяққап. Бұлардың барлығы ұлы ақы Абай пайдаланған заттар.
Сондай-ақ тоғызқұмалақ тақтасы, сыбызғы және сол заманның әншісі Әлмағамбеттің үш шекті домбырасын да ұлы ақын сонау 1883 жылғы Семей өлкетану мұражайына тапсырған. Кейін бұл құнды жәдігерлер Абай атындағы қорық -мұражайына өтіпті.
Жәдігерлердің арасында ақынның жары Еркежанның көйлегі мен камзолы да бар. Этнографиялық заттардан бөлек Абайдың өз қолымен жазған хаттары мен бізге жеткен екі фотосы көрмеден орын текпен. Ұлы ақынның мерейтойы қарсаңында бұл ерекше сый болды,- дейді көрмеге қатысушылар.
Жұмажан Бекбосынова, Абай атындағы орта мектептің мұғалімі:
Тамаша әсер алып жатырмыз. Бұрын Абай Құнанбаевтың жалпы данышпан ақын екендігін, оның қолжазбаларын кітап арқылы, сурет арқылы көрсек, оларды өз көзімізбен көрмеден көріп тамашалар жатырмыз. Балаларымыз риза.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ