Француз Ұлттық «Майдан партиясының» көшбасшысы Марин Ле Пен еуропалық шенділердің саясатын сынға алды. Мәселе Украина дағдарысына қатысты.
«Сіздер Вашингтонның айтқанынан шықпай отырсыздар! Ал оның көксегені Еуропада соғыс ашу»,- деп жазады ол өзінің Twitter-дегі блогында.
Ал Украинаға қатысты Ле Пен:«Американдықтардың құлы секілдіміз. Еуропа елдеріне кемеңгерлік жетіспейді. АҚШ-тың ұстанымына тәуелдіміз»,- дегенді жазған. Сондай-ақ, саясаткер украиналық әріптестері елдегі қалыптасқан жағдайды айтпай отыр деген ойда.
Марин Ле Пен америкалықтардың басты мақсаты - НАТО-ны Ресей шекарасына жақындатып, Еуропада соғыс бастау деген пікірде. Мұның алдын алу үшін Украинадағы қақтығыстарды тоқтату керек дейді.
Ләйлә ҚАЛИАҚПАРОВА