Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қарулы күштердің қазіргі жағдайын одан әрі жетілдіру керек»,- дейді. Бүгін ол Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевты және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қарулы күштер Бас штабының бастығы Сәкен Жасұзақовты қабылдады. Кездесу барысында, сондай-ақ, әскерді заманауи техникамен және қару-жарақпен қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.
«Мемлекет басшысы әсіресе әскери қызметшілердің кәсіби дайындығын ұдайы жетілдіру қажеттілігіне тоқталып, бірқатар нақты тапсырмалар берді», - деп, Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА