Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгіннен бастап ақша айырбастау орындарында жаңа ереже күшіне енді

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2015
  • 1479

Бүгіннен бастап валюта айырбастау орындары үшін жаңа ережелер күшіне енді. Ұлттық банктің қаулысына сәйкес шетел валютасын сатып алу және сату айырмашылығы шектеледі.

АҚШ долларын саудалағанда ол 2 теңгеден аспау керек. Еуроны сатып алу мен сату бағасының айырмашылығы 3 теңгеден аспауы тиіс. Бұл қаржы жүйесін реттеуден, ұлттық валютаның ролін арттырудан туындап отыр.

Осылайша, Ұлттық банк шетел валюталары бағамына тәуелділіктен арылуға мүмкіндік туады деп санайды.

Самат ҚАНАҒАТОВ