Елімізде жанармай бағасы 99 теңгеге дейін түсті

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2015

Елімізде жанар-жағармай бағасы 99 теңгеге дейін арзандады. Мұндай ақпаратты Энергетика министрлігі таратуда. Ведомство басшысының бұйрығымен қосылған құн салығын есептегенде, дизельді отынның литрі 99 теңгеге тұрақтады.

АИ-80 -ң бір литрі 89 тенге, АИ-92/93 - ң литрі 99 теңгені құрап отыр. Бағаны қадағалау ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалинге жүктелді.

Десе де, Елордадағы кейбір жанар-жағар май құю стансалары сұйық отынды әлі де болса, ескі бағамен саудалауда. Тиісті бұйрық әлі түскен жоқ деп отыр.

Есть, в интернете новость вышла. Но пока приказа нет.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА