АҚШ және оның одақтастары Сирия мен Иракқа Джихад үшін аттанған шетелдік экстремистер тобырын ақыры тоқтата алмады,-деп жазады Wall Street Journal. Басылымның хабарлауынша, «Ислам мемлекеті» әскерилері мен басқа да террористік ұйымдар қатарында 20 мың шетелдік бар.
Оның 3 мыңнан астамы батыс елдерінен келген. Мұндай мәліметті АҚШ Конгресінің ұлттық қауіпсіздік бойынша комитеті жариялап отыр. Сирияға - Башар Асад үкіметіне қарсы соғысу үшін барғандар қатарында 150-ге жуық АҚШ азаматы болған.
Вашингтон, олардың бір бөлігі Америкаға оралған соң, террорлық әрекеттер ұйымдастыруы мүмкін деген қауіпте. Еске салайық, қазір экстремистермен АҚШ бастаған халықаралық коалиция күресуде.
Тоғжан АМАНАЛИЕВА