Испанияда король Филиптің жалақысы 20 пайызға қысқарды. 2015-жылдан бастап, Филип VI-шы жылына 234 мың 204 евро алатын болады. Бұл - оның әкесі Хуан Карлос 2014 жылы алған жалақыдан 60 мыңға кем деп жазады- newsru.com.
Ал, король отбасын күтуге кететін жалпы шығын өзгеріссіз қалды деуге болады. Яғни, жылына шамамен 7 млрд. 8 млн евро. Және бұл қаражат мемлекет қазынасынан бөлінеді. Сарай әкімшілігінің кешегі хабарламасында, ақшаның қайда жұмсалатыны түсіндірілді.
Бекітілген бюджет шеңберінде, Филипп корольдің жұбайы Летиция - жылына 128 мың 808 евро көлемінде айлық алады. 2014 жылы тақтан кетіп, орнына ұлын отырғызған бұрынғы король Хуан Карлос -187 мың 356 евро алатын болады.
Король отбасы мүшелері жалақысынан үнемделген қаражат - инвестиция мен сақтық қорларына жұмсалады.
Тоғжан АМАНАЛИЕВА