Президент сайлауын өткізу туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынысын Қазақстан Жазушылар одағы да қолдайды. Бұл туралы одақ төрағасы Нұрлан Оразалин айтты.
«Науқан - халық пен мемлекеттік органдарды, Үкімет пен Парламентті дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға жұмылдыру үшін шешуші шарт болмақ»,- дейді одақ төрағасы.
Нұрлан Оразалин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы:
Осыған байланысты көп созбай, әрі қоғамды көп күттірмей, әрі-сәрі халге жеткізбей сайлау циклінен өтіп алу маңызды деп есептейміз. Сондықтан да біз Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу идеясын толығымен қолдаймыз.
Айгүл ӘДЕПБАЙ