Қазақстан шағын және орта бизнесті қолдау амалдарын кеңейтіп, санын жиырмаға дейін жеткізбек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева мәлімдеді. Оның айтуынша, дағдарысқа қарсы бағдарламалар негізінде мемлекет 2015-2016 жылдары бизнесті дамыту үшін 200 миллиард теңге бөледі. Депутат бизнесті қолдау амалдары бірнеше бағытта кеңейетінін айтты.
Айгүл Соловьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Қолдау амалдары кеңейеді. Жалпы саны - жиырма. Он екісі - қаржылық, сегізі бейқаржылық амалдар. Қаржылық амалдар санатына - несиелендіретін екінші деңгейлі банктермен белсенді қарым-қатынасты жатқызамыз. Кепілдендіру, субсидиялау мәселелері осы бағытта қамтылады. Ал материалдық емес көмек ретінде кеңестер беріліп, бағдарлауда жәрдем жасалады.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ