Қазақстанда тағы да аязды күндер басталды. Түнгі уақытта республиканың барлық аумағында температура минус 20-27 дейін төмендейді. Ал кей жерлерде 30-35º аяз болады деп күтіліп отыр.
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы оңтүстік циклон әсерінің аумағында болады. Мұнда жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады.
Астана қалалық төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, 18 ақпанда Елордада ауа температурасы 25-27 градусқа дейін төмендейді. Ал 19 ақпанда бұл көрсеткіш минус 27-30 градусқа жетпек.
Осыған орай «тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, департаменттер мен басқармалардың басшылары ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындардың ырғақты жұмысын қамтамасыз етсін»,- делінген ТЖ департаменті таратқан хабарламада.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА