Қазақстан халқы Ассамблеясының президент сайлауын өткізу туралы бастамасын Германиядағылар да құптап отыр. Неміс саясаткерлері кезектен тыс сайлаудың алдағы жылдары Қазақстандағы тұрақтылықты сақтауға ықпалдасарына сенімді.
Матиас Дорнфольдт, Потсдам университетінің саясаттану докторы:
Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында айтылған ұсынысты - дәл уақытылы айтылған ұсыныс деп есептеймін. Мұндай идеяны Қазақстан халқының өзі бастап отырғаны өте маңызды. Меніңше, Қазақстанда 2015 жылы өтетін сайлау - әлемдегі дағдарысқа қарамастан - елдегі тұрақтылықты сақтап қалуға көмектеседі деп ойлаймын.