Діни наным-сенімге байланысты екпеден бас тартқандарды жазалау керек, немесе кейбір екпе түрлері міндетті түрде бекітілсін. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Сәрсенбай Еңсегенов жауапты министрлікке осындай ұсыныс білдірді. «Өйткені, - дейді сенатор, - елімізде діни наным-сенімге байланысты баласына екпе салғызбайтын ата-ана көбейіп кетті».
Ол бала-бақша, мектептегі өзге ата-аналардың бұған алаңдайтынын жеткізді. «Екпесіз балаға еш жерде шектеу жоқ. Көпшілік орындарда індеттен сақтанбағандар қауіп туғызып отыр», - деген пікірде. Сондықтан депутат заңға жазалау немесе міндеттеу тетіктерін енгізуді ұсынды.
Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
2013 жылы 3940 адам екпеден бас тартса, оның 1709 немесе 53 пайызы осы діни себеппен бас тартқан. Ал 2014 жылдың 6 айында мұндай себеппен бас тарту 2040 - 70 пайызға дейін артып отыр.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ