Кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді Қазақстанның Жоғарғы оқу орындары ассоциациясы да қолдайды. Бұл туралы журналистермен кездесуде профессор Рахман Әлшанов мәлімдеді.
Рахман Әлшанов, Қазақстан жоғарғы оқу орындары ассосациясының президенті:
Қатарында 77 жоғарғы оқу орны бар ассоциация, Ассамблеяның сайлауды 2015 жылы өткізу туралы идеясын толық қолдайды. Бұл өз ретінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсартуға ықпалын тигізеді, - деген ойдамыз. Әрі бұл күттірмейтін, мезгілді шешім.
Жұрағат БАМАН