Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаев WBA, IBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионын Мартин Мюрреймен жекпе-жектегі жеңіс қажырлы еңбек пен жоғары шеберліктің жемісі екенін айтқан.
«Қазақстандықтар сенің әрбір табысыңа қуанады. Келесі жекпе-жектерің де отандық спорттың мәртебесін асырып, бұдан да жоғары деңгейге көтеретініне, өскелең ұрпаққа үлгі боларына сенімдіміз», - делінген жеделхатта.
Соңында Елбасы қазақстандық боксшыға мықты денсаулық және жаңа жеңістер тіледі.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА