Қазақстан, Ресей және Беларусь басшылары жақын күндері Астанада бас қосуы мүмкін. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның Беларусьтегі елшісі Ерғали Бүленов Сыртқы істер министрі Владимир Макеевпен кездесіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас пен ТМД-ға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы әріптестік жайын сөз еткен. Сондай-ақ дипломаттар үш ел басшылары кездесуінің күн тәртібін талқылады.
Еске салайық, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде алдағы мамырда Бурабайда одақтас мемлекеттер премьер-министрлерінің кездесуі жоспарланған.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ