Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу мәселесі бүгін Мәскеуде қаралмақ. Арнайы делегаттар келіссөз жүргізуге Ресей астанасына аттанды. Бұл туралы Қырғыз Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Вести.kg» таратқан ақпар бойынша, Мәскеудегі жиынға Еуразиялық Одаққа мүше елдердің экономика министрлері қатысады. Онда Одақ келісіміндегі құжатта басы ашылмаған бірқатар мәселелерді талқылау жоспарланған.
Сондай-ақ, жиында 2014 жылы келісілген Қазақстан тарапынан Қырғызстанға көмек ретінде берілетін 300 миллион доллар төңірегіндегі мәселе қаралмақ. Аталмыш сома Қырғызстанның сыртқы шекараларындағы бекеттерді қайта құруға, ветеринарлық зертханалар мен кеден бекеттерін салуға жұмсалады.
Бұған қоса, Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай ақпараттық кеңістік құру жоспарланып отыр.
Жұрағат БАМАН