Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо арасындағы жекпе-жекке VIP-билеттер құны 65 мың АҚШ долларын құрамақ. Бұл жөнінде Allboxing.ru сайты хабарлады. Екі боксшының кездесуі 2-ші мамыр күні Лас-Вегаста өтеді.
Олардың арасындағы келісім шарт 21-ші ақпанда бекітілді. Бұған дейін Голливуд жұлдыздары мен бокс ардагерлері маңызды жекпе-жектерге билетті тегін алатын. Енді жағдай басқаша. Промоутерлік компания басшысы Боб Арум «Тегін билет ешкімге берілмейді. Барлығы ақша төлеуі тиіс.
««Қазір маған жан-жақтан телефон шалушылар көбейді. Барлығына билет сатылады»,-деп жауап бердім»,-дейді. Мейвезер — Пакьяо кездесуіне билет сату әлі басталған жоқ. Дегенмен, бейресми ақпаратқа сәйкес, қарапайым билеттердің орташа құны 10 мың АҚШ долларына жеткен.
Спортшылардың сыйақысы белгілі. Жекпе-жекке келіскені үшін Мейвезер 120 миллион АҚШ долларын иеленеді. Мэнни Пакьяо 80 миллион долларды қалтасына басады.
Самат ҚАНАҒАТОВ