Қазақстанда 2 ақпаннан бастап интернетте бағаларды тек қана теңгемен көрсету керек болады

  • AstanaTV
  • 02 ақпан 2016

Бұдан былай электронды саудамен айналысатындар тауар, қызмет бағасын тек ұлттық валютада көрсетуі тиіс. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы бүгіннен бастап күшіне енді. Дедолларизация жоспарына сай, ел аумағында сатылатын тауарлар мен қызметтердің бағасы тек ұлттық валютада көрсетілуі міндетті.

Айгүл ӘДЕПБАЙ