Арменияның Гюмри қаласында өлтірілген Аветисян отбасының туыстары ауқымды наразылық акцияларын жасаймыз, - деп сес көрсетті. Олар елдің бас прокуроры Геворг Костанянмен кездестіруді талап етуде.
Зардап шегуші тараптың тергеу амалдарының жүргізілу барысына көңілі толмайды. Сондай-ақ, олар іс Арменияның құқық қорғау органдарына тапсырылсын деп отыр. Бұл туралы марқұмдардың туыстары мәлімдеді,-деп жазады «Коммерсант».
Жақын күндері тексеру жұмыстары алға жылжымаса, наразылық акциясын бастауға олар бел буып отыр. Еске салайық, қаңтардың 12-сінде Гюмриде ресейлік сарбаз Валерий Пермяков, әскери автоматпен шығып кетіп, жеке үйдегі бір отбасының 6 адамын қырып кеткен еді.
Ертесіне ол қолға түсіп, тергеу барысында қылмысын мойындады.
Тоғжан АМАНАЛИЕВА