Биыл президент сайлауын өткізуді қазақстандықтар қаншалықты қолдайды? Осы сұрақты арқау еткен арнайы әлеуметтік сауалнаманы «Қоғамдық-саяси үрдістерді сараптау және жобалау бюросы» өткізді. Оған телефон арқылы 1600 адам қатысқан. Респонденттердің 90 пайыздан астамы саяси шешімді қолдайтындарын білдірген.
Сауалнамаға қатысушылардың 95% кезектен тыс сайлау әлемдік дағдарысты еңсеруде қазақстандықтардың басын біріктіреді десе, 92% - сайлау «Нұрлы жол» бағдарламасын тиімді іске асыруға сеп болады деген пікірде. Ал 95% - кезектен тыс сайлау әлемдік экономикалық ахуалға байланысты шұғыл шешім қабылдауға әсер етеді дейді. Респонденттердің 93% - сайлауды биыл өткізу келесі жылы Парламент сайлауымен қатарласып келмеуі үшін керек деп, жауап берген.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ