Нұрсұлтан Назарбаевтың президент сайлауын биыл өткізу туралы шешімін неміс сарапшылары да қолдайды. Олар сайлау өткізу шағын-орта бизнеске де оң ықпал етеді деген сенімде. Қазақстан мен Германия арасындағы екі жақты қарым-қатынасқа, экспорт пен импорт көлемін ұлғайтуға серпін бермек.
Райнер Линднер, Германия экономикасы Шығыс комитетінің атқарушы директоры:
Германия үшін Қазақстанмен қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық қарым-қатынастың биік деңгейін сақтап қалу аса маңызды. Біздің алдымызда шикізаттық және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісім-шарт пен Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі аясында бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асыру міндеті тұр. Осындай маңызды жоспарларды жүзеге асыру үшін белсенді еңбек етуіміз керек.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА