«Барыс» командасы төртінші кездесуде ұтылды. Бұған дейін қатарынан екі ойында үздік шыққан Андрей Назаровтың шәкірттері бұл жолы «Авангард» клубына 4-3 есебімен жол берді. Кездесу басынан айдын иелерінің қақпасына тап берген ресейлік хоккейшілер 2-0 есебімен алға шықты. 
 
Қарымта шабуылға шыққан «Барыс» командасы Дастин Бойд пен Роман Старченконың көмегімен есепті теңестірді. Үшінші кезең басталғаны сол еді. Екі бірдей сәтті шабуыл ұйымдастырған «Авангард» клубы есепті 4-2-ге жеткізді. 
 
Қалған уақытта Андрей Назаровтың шәкірттері Найджэл Доустың көмегімен есепті қысқартқанымен олардың одан артыққа шамалары келмеді. Сонымен төрт кездесу қортындысы бойынша жалпы есеп 2-2. Екі команда арасындағы 5-ші ойын 6-наурызда, Омбыда өтеді. 
 
Самат ҚАНАҒАТОВ