АҚШ Президенті Барак Обама Германия канцлері Ангела Меркельмен кездескеннен кейін, Украинаға қару жіберуден бас тартты. Бұл ақпаратты Вашингтондағы неміс елшісі Петер Витте Associated Press-ке берген сұхбатында айтты.
Ангела Меркель сөз арасында, «қазіргі уақытта саяси және дипломатиялық келісімдерді жалғастырып, Украинаның шығысындағы қақтығысты тоқтату үшін бар күшті салу қажет»,-деді.
Петер Виттенің айтуынша, «АҚШ пен Германия басшылығы ортақ шешімге келіп, Украинаға қару-жарақ жіберуден бас тартты». Кездесуден кейін Ақүй басшысы Донбастағы жағдайды саяси тұрғыда шешу керектігін тілге тиек етті. Дегенмен, бұл мәселеге байланысты нақты шешімді әлі қабылдамағанын жеткізді.
Самат ҚАНАҒАТОВ