«Нұр Отан» партиясының ертең өтетін ХVІ съезі қарсаңында Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Онда Саяси кеңестің шешімімен съезде қаралатын сұрақтардың реті бекітілді. Сонымен съезде партияның Саяси кеңесі мен Орталық бақылау-ревизиялық комиссиясының есептік мерзімдегі жұмысы қорытындыланады. Және партияның Саяси кеңесі мен Орталық бақылау-ревизиялық комиссиясының мүшелері сайланбақ.
Бүгінгі жиынға Саяси кеңес мүшелерінен бөлек, партияның Орталық аппаратының басшылығы, Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» фракциясының мүшелері, партияның аймақтық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, Орталық бақылау-ревизиялық комиссиясының мүшелері қатысты.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ