Қырғызстан азаматтары Грузия мен Украина арқылы Сирияға баратын болған. Экстремистердің қатарына қосылмақ болған қырғыз азаматтары, Сирияға Грузия мен Украина арқылы жеткен.
Мұндай ақпаратты, «Интерфакс» агентігі Қырғыз Ішкі Істер Министрлігінің 10-шы Бас басқармасының басшысы Рафик Мәмбеталиев айтты,- деп хабарлайды. Ресми өкілдің сөзіне сенсек, бүгінде Сирияда Қырғызстаның 232 азаматы жүр.
Олардың 22-сі оққа ұшқан көрінеді. Қан судай төгілген Сирия, Ирак пен Ауғанстан жерлеріне Қырғызстаннан жалпы саны 318 адам кеткен. Жат жерге барып, жат ағым үшін қан төгуге аттанғандардың ішінде жас қыз-келіншектер мен тұтастай отбасылар да бар көрінеді.
Еркін КАРИН