Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының XVI съезі өтеді. Оған партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысатыны туралы, бұған дейін «Ақ орда» сайты хабарлаған болатын. Съезге еліміздің барлық аймақтарынан 1 мың 200 делегат шақырылған.
Делегаттардың 20 пайызы - бастауыш партия ұйымдарының мүшелері. Айта кетер жайт, бүгінгі күні 5 мың 600-ге жуық бастауыш партия ұйымы, 850 мың мүшені біріктіріп отыр.
Демек, Қазақстанның әр тоғызыншы тұрғыны сайлау құқығына ие.
Тоғжан ОСПАНБАЕВА